Ойыл аудандық орталық кітапханасы Екпетал мектеп бала - бақшасының оқушыларына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламгер Мағзұм Сүндетовтің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық әрі тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар жазушының шығармаларын танып, әдеби мұрасының мәні мен маңызын терең түсінді.
Бұл рухани шараның басты мақсаты — ұлттық әдебиетімізге өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа өнеге ету, сөз өнеріне деген құрметті арттыру болды.