Создано: 16 Mar 2026

Мағзұм Сүндетовтің әдеби мұрасы: Ойылдағы танымдық кеш

Ойыл аудандық орталық кітапханасы Екпетал мектеп бала – бақшасының оқушыларына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламгер Мағзұм Сүндетовтің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық әрі тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар жазушының шығармаларын танып, әдеби мұрасының мәні мен маңызын терең түсінді.

Әдебиет арқылы ұлттық құндылықты ұлықтау – өскелең ұрпақтың рухани дамуына жол ашады.