Администрация

Қалдыбаев Пазылбек

Қалдыбаев Пазылбек 1916 жылы Ойыл селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 1933 жылы 15 қарашадан бастап Ойыл селосындағы Балалар үйінде аға тәрбиешіліктен бастайды. 1935 жылы 4 тамызда Ақтөбе қалалық ОблОНО жанындағы 1 айлық кітапхана қызметкерлерін дайындайтын курсты аяқтап куәлік алады.
1934 жылдың 20 ақпанынан бастап П. Қалдыбаев Ойыл аудандық орталық кітапханасына меңгерушілік қызметке орналасады. П. Қалдыбаев Ойыл аудандық орталық кітапханасына меңгерушілік қызметке орналасады. П. Қалдыбаевтың Ойыл кітапханасына сіңірген еңбегі ерекше. 1936 жылы 31 наурыздағы РСФСР Халық ағарту комиссарының саяси-ағарту жұмыстар жөніндегі орынбасары Н.К. Крупскаяның қол қойған №235 бұйрығымен РСФСР бойынша 27 селолық кітапхананың бірі ретінде Ойыл аудандық орталық кітапханасының меңгерушісі П. Қалдыбаевты кітапхана жұмысындағы жетістігі үшін, сағатпен марапатталған.
1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатынасып елге оралған. Соғыстан кейінгі жылдары мәдениет саласындағы қызметін жалғастырған.
1949 жылдың наурыз айында Қазақстан орталық музейінің корреспонденттік-мүшелік билетін алған.
1950 жылдың 24 қарашасынан бастап Ойыл селосындағы Ш. Берсиев атындағы музейге директор болып тағайындалады.
1953 жылдан қайтадан аудандық орталық кітапхананы директоры болып қызметін жалғастырады. Осы жылдары П. Қалдыбаевтың басшылығы мен ізденімпаздығының арқасында Ойыл кітапханасы одақтық ірі қалалары москва, саратов, ленинград қалаларынан оқырмандардың сұранысы бойынша кітаптар алдыруы, білімге құштар Ойылдықтардың ыстық ықыласына бөленеді. Тынымсыз еңбегін ескерген Облыстық советінің атқару комитеті 5 қараша 1957 жылы Ұлы октябрь социалистік революциясының 40 жылдық құрметіне орай «Құрмет грамотасымиен» марапаттайды. 1965 жылы зейнеткерлікке шығады.

Тумышева Балсекер Жұмағалиқызы

Тумышева Балкесер Жұмағалиқызы 1949 жылы 14 тамызда Ойыл селосында дүниеге келген.

Ойыл қазақ орта мектебін 1966 жылы бітіріп, Ойыл аудандық кітапханасында еңбек жолын кітапханашылықтан бастайды.

1967-1970 жылдары Ақтөбе Мәдени ағарту училищесінің кітапхана бөлімін бітіріп, алдымен ауылдық кітапханада жұмыс жасайды.

1972-1980 жылдары Мәдениет бөлімінің инспекторы қызметін атқарады.

1976-1981 жылы аралығында Шымкент педогигикалық мәдениет Институтының кітапханашы-библиограф факультетін бітіреді.

1980-2008 жылы кітапханалар жүйесінің орталықтандырылуына байланысты Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры болып қызмет атқарады.

1996-1998 жылдары облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен, 1998 жылы  Қазақстан Республикасы Кітапханашыларының  ІІ съезінде делегат болып қатысып, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталады.

2000 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет Комиетінің – «Ауыл мәдениетін көтеруге қосқан елеулі еңбегі үшін»  Құрмет грамотасымен марапатталды.

2008 жылы зейнеткерлікке шығады.

Наурызова Ақмарал Бақытқызына

Наурызова Ақмарал Бақытқызы 1962 жылы 1 қаңтарта Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келді.

1979-1983  жылдар аралығында Аль-Фараби ат. Шымкент педогогикалық мәдениет институтына түсіп, кітапхана ісі және библиограф мамандығын бітірді.

1983-1999 жылдар аралығында Ойыл аудандық орталық кітапхананың әдіскері қызметін атқарды.

1999-2008 жылдар аралығында Ойыл аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі. Әділет басқармасының басшылық міндетін атқарды. аудандық кітапханада аудандық мәдениет саласында қызметтер атқарды.

2008-2023 жылдар аралығында Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлық қызметін  атқарып келеді.

2014 жылы – Ойыл аудан әкімі М.Абдуллиннің «Алғыс хат», 2016 жылы- Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының  «Кітапхана ісінің үздігі»  төсбелгісімен  марапатталды, 2018 жылы – Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Құрмет  грамотасымен» марапатталды.

2019 жылы Нұрсұлтан қаласындағы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ  республикалық «Рухани қазына» фестиваліне делегат болып қатысып, Республикалық кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2022 жылы Түркістан қаласындағы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына -2022» фестиваліне делегат мүшесі болып қатысты.

2022 жыл Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атынан «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.

Дауленова Гулжазира Кенесовна

Мен  Дауленова Гүлжазира Кеңесқызы 1984 жылы 7 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Ойыл селосында дүниеге келді.

1990-1999 жылы Ойыл қазақ орта мектебін бітірді.

1999-2002 жылы №2 Кәсіптік лицейінің «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша оқуға түсіп, «Ауыл шаруашылығының экономист-менеджері» білімін алды.

  • 2002-2007 жыл аралығында М. Өтемісұлы ат. Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және  библиография» мамандығы бойынша оқуға түсіп, «Кітапханашы-библиограф» мамандығын алды.
    • 2003-2023 жылдың ақпан айынан осы күнге дейін Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиограф мамандығы бойынша жұмыс жасады.

2023 жылдан бастап Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысының бұйрығы №    негізінде  Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры болып қызмет атқарып келеді.

Менің алғашқы жетістігім Ақтөбе облысы бойынша жас кітапханашы ретінде 2008 жылы Астана қаласында өткен «Жас кітапханашылар» слетінде  делегат болып қатынасып,  Мәдениет және ақпарат министірі М.А. Құл-мұхаммеддің қабылдауында болып, кітапхана саласындағы үздік еңбегіме алғыс жарияланғандығы растайтын сертификатпен  марапатталды.

2012 жылы ауданның мәдениет саласына қосқан зор еңбегім үшін Аудан әкімінің алғыс хатымен.

2014 жылы «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында жерлес жазушы Тахауи Ахтановтың шығармашылығына арналған «Үздік әдістемелік құрал» байқауында «Айға шағылған найза»  әдістемелік құралмен жеңімпаз атанып марапатталды.

2015 жылы  Облыстық «Үздік кітапханалық блог» жобасы бойынша жазушы Тобық Жармағамбетов пен Сағи Жиенбаевтың шығармашылығына арналған «Сәулелі ғұмыр-саналы ой иесі» атты кітапханалық блог құрастырып, С. Бәйішев ат. облыстық әмбебап -ғылыми кітапханасынын директоры Н.С. Жұмағұлдың алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы Мәдение және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай  Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының Алхыс хатымен,

2017 жылы Ауданның мәдениет саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшім аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2019 жыл  Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ облыстық «Рухани қазына» фестиваліне қатынасып «Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері» дипломымен марапатталып, Республикалық  “Рухани қазына-2019” байқауына жолдама алып Мәдениет және ақпарат министірінің алғыс хатымен марапатталды.

«Рухани қазына -2019» фестиваліне белсенді қатысқаным үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы Ү.Д. Мұңалбаеваның Алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылы «Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғырудың негізі» атты аудандық «Үздік мақала» байқауына қатынасып, жоғары дәрежеде белсенділік танытқаным үшін «Үздік мақала» номинациясы бойынша аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылы Республикалық  Білім беруді дамыту және мәдениет «Өрлеу» Қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен  авторлық жобам «Тұлғалар мекені» бойынша «Өлкенің тарихи тұлғалары» номинациясымен 1 орын алды.

2021 жылы «Қызықты библиография» атты облыстық үздік библиографиялық құрал байқауына ақ тарының атасы атанған  жерлесіміз Шығанақ Берсиевке арналған «Рекорд шыңының жұлдызы» атты әдістемелік құрал бойынша 2 орынға ие болды.

«Азаматына қарап ауылын таңы» дегендей, әр ауылдың туын көтерер тұғырлы тұлғалары болуы өмір заңдылығы. Кейінгі жылдары республикамыздың әр аймағында ауылдық деңгейдегі тұлғаларды ұлықтап, олардың еңбегін үлгі тұту мақсатында, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Тұлғалар мекені» жобасымен 2022 жылы  Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің Облыстық «Рухани қазына» фестиваліне   ұсынып, нәтижесінде «Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері» атанып, Дипломмен марапатталды.  Түркістан қаласында өткен республикалық “Рухани қазына-2022” байқауына жолдама алып, «Рухани қазына-2022» конкурсына белсене қатысқаным үшін Мәдениет және ақпарат министірінің Алғыс хатымен марапатталды.

Отбасылымын, жолдасым Сагиев Кайрат Сергеевич Аудандық ПБ-і Көші-қон қызмет тобының аға инспекторы. 2 баланы тәрбиелеп отырған ана.