Создано: 16 Mar 2026

«Мұзбалақ жырдың мәңгі үні»: Ойылдағы ақын мерейтойы

Ойыл аудандық орталық кітапханасы мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 9 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай “Мұзбалақ жырдың мәңгі үні” атты поэтикалық кеш өткізілді.

Кеш барысында ақынның жүрекке жетер жырлары мәнерлеп оқылып, сөзіне жазылған сазды әндері әсем әуенмен шырқалды. Шара ақын шығармашылығын ұлықтауға, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға бағытталды. Кешке кітапханашылар, мәдениет қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, қатысушылар Мұқағали поэзиясының терең философиялық мәні мен ұлттық рухты асқақтатар қуатына ерекше тоқталды.

Поэтикалық кеш көпшіліктің жүрегіне рухани әсер сыйлап, мазмұнды да тағылымды шара ретінде жоғары деңгейде өтті.