25 қазан Республика күніне орай Ойыл аудандық орталық кітапханасында мазмұнды мерекелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты елін, жерін сүюге баулу, патриоттық сезімдерін ояту және тарихи санасын қалыптастыру.
Шараға ардагер ата-әжелер арнайы қонақ ретінде шақырылды. Салтанатты іс-шара барысында Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушылары «Сұңқар» патриоттық клубының мүшелігіне қабылданып, салтанатты түрде ант берді. Бұл – олардың елге, Отанға адал қызмет етуге деген алғашқы қадамы болды.
Мереке барысында оқушылар Республика күніне арналған жүрекжарды поэзияларын оқып, өз өнерлерін паш етті. Шара соңында ардагер аталар жас буынға ақ баталарын беріп, ақ тілектерін жаудырды.
Іс-шара өте әсерлі де тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар ел тарихын ұлықтап, рухани жігермен тарасты.
ScreenReader

