Создано: 20 May 2025

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Ойыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен “Кітапханалық арбат – кітаппен өрілген көше” атты мерекелік шарасы өткізілді.

Шара барысында аудандық кітапханамен тығыз байланыста болып, мерекелік шараның жоғары дәрежеде өтуіне ат салысқан Ж.Жүсібалиев ат. ҚОМ, Ойыл қазақ орта мектебі, Ойыл аудандық балалар музыка мектебі, Ойыл аудандық оқушылар үйі ұжымдары аудан әкімінің орынбасары М.Б. Айдарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Кітапханалық арбатта жаңа кітаптардан құралған кітап керуені, Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған “Бейбіт күннің бағасы – Ұлы Жеңісте” атты кітап көрмесі, балалардың көңілін көтеру мақсатында кітап кейіпкерлерінің киіміндегі еріктілер, библио – шар, “Бір кітап – бір сурет” сурет гратаж, “Тәтті алма – тапқырлық тартысы” атты викторина сұрақтар өткізілді.

Сондай-ақ, кітап мерекесінің шырайын кіргізіп отырған – тұрақты оқырмандарымыз Жанат Қуанышқызы мен Ойыл аудандық орталық кітапханасының жанынан құрылған “Ардагерлер” клубының төреағасы Болат Бақтыгереев құттықтау сөз сөйледі.

“Кітапханалық арбат” – бұл тек кітаптар емес, бұл – шығармашылық, шабыт пен жан сұлулығының мекені.