Шара модераторы С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директоры Сұлушаш Максимқызы кітапхана ісіндегі жаңа идеялар мен бастамалар туралы идеялармен бөлісті.
Семинарда Ақтөбедегі Америка бұрышының координаторы Айзада Утешова, Makerspace шеберханасының координаторы Дана Өтегенова, Ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Нұршат Өмірзақова, Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ақтоты Салиева мен әдіскер Қызғалдақ Алпысбаева кітапханашыларға өз кейстерін ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар кітапхана қызметкерлеріне кәсіби шабыт беріп, тәжірибе алмасудың тамаша алаңы болды.
ScreenReader

