Ойыл аудандық орталық кітапханасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлт рухын әзіл мен шындық арқылы терең жеткізген қаламгер Үмбетбай Уайдиннің 110 жылдық мерейтойына арналған импровизвциялық кеш өткізді. Жазушының бай мұрасы, ұлттық ой-санаға қосқан үлесі мен тәрбиелік мәні зор туындылары жас ұрпақпен қайта қауышқан ерекше күн болды.
Шара барысында арнайы ұйымдастырылған әдеби-көрме таныстырылды. Оқушылар Үмбетбай Уайдиннің мұрасына жаңа көзқараспен қарап, оның әдебиеттегі орнын тағы да терең түсіне түсті.
Көрме таныстырылымынан кейін оқушылар қаламгердің шығармаларын үлкен қызығушылықпен тамашалап, жүрек жарды өлеңдерін оқыды.
Сонымен қатар Үмбетбай Уайдиннің кең танымал “Тентек” шығармасынан қойылған сахналық көрініс кештің нағыз көркіне айналды. Кейіпкерлердің шынайы образы, оқиғаның қызықты өрбуі мен қаламгердің юморлық стилі көрерменді бір күлдіріп, бір ойландырып, жазушының өміршең туындыларының құдіретін тағы бір мәрте көрсетті.
Үмбетбай Уайдин қаламынан туған әрбір шығарма – халық жүрегінде мәңгілікке сақталатын асыл дүние.
ScreenReader

