Создано: 16 Mar 2026

медеу сәрсекеев описание

Ойыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен

жазушы, ғалым Медеу Сәрсекеевтің туғанына 90 жыл толуына орай Ш. Бекмухамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 9 “В” сынып оқушыларымен
әдеби-танымдық шара өткізілді.
Шара барысында қатысушылар қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолымен танысып, оның тарихи-деректі еңбектеріне шолу жасады.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп,
танымдық ойындар ұйымдастырылды.
Ойын барысында қатысушылар жасырын тапсырмаларға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды.
Медеу Сәрсекеев – ұлт тарихын көркем сөзбен сөйлеткен, ғылым мен әдебиетті ұштастырған дара тұлға.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына серпін береді.