Шараға “Ардагерлер” клубының мүшелері Алтыбаев Аманорман, Шамұлы Асқар, Бақтыгереев Болат және Мәдениет үйінің әншісі Ешпанов Боранбай, Ойыл аграрлық колледж студенттері мен аудан жастары қатысты.
Кітапханашы Қалыбекқызы Балнұр “Бейбіт күннің бағасы – Ұлы Жеңісте” атты кітап көрмесімен таныстырды.
Әрі қарай жасөспірімдер әдіскері Мырзабек Айгүлім “Майдангерлер“ өлеңін, Ойыл аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Бағытқалиқызы Аяжан “Ғайша жеңгей” өлеңін, Мауленова Анар “Жеңіс“ өлеңін оқыды.
Шарамыз әрімен қарай “Еркін микрофон” форматында жүргізілді. Ардагерлер сұрапыл соғыс кезінде қан майданда от кешкен жерлес аталарымыздың әңгімелерін бөлісе отырып, тәлім тәрбиелік мәні бар мағұлматтар айтты.
Ойыл аудандық орталық кітапханасының директоры Дауленова Гүлжазира келген қонақтарға өз алғысын айтып, “Ойыл” энциклопедиясын сыйға тартты.
Шара соңында шараға қатысушылар кітапханашыларға өз алғыстарын білдіріп, кітап көрмеміздегі “Ойылдық отан үшін от кешкендер” естелік кітабымен жақынырақ танысып, көңілді тарасты.
Елі мен жері үшін қан майданда күресіп, жанын қиған батырлардың ерен еңбегі әрдайым халықтың жадында.
ScreenReader

