Создано: 03 Oct 2025

«Кітап тайм»

Ойыл аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап тайм» республикалық кітап фестивалі аясында «Кітап – адамзат ақыл-ойының қазынасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шара барысында кітаптың қоғамдағы рөлі мен рухани маңызы сөз болып, оқырмандарға көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығы таныстырылды. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға әдебиет әлемінің құндылықтары насихатталды.