Создано: 20 May 2025

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесі аясында 16 – 23 сәуірде мәдени іс-шаралар апталығы өтуде.

Апталық 16 сәуірде “Саябақ кітап оқуға шақырады” күнімен басталды.

Бүгінгі іс-шарамыз бірінші кезекте өскелең ұрпақты кітапқа баулу мақсатында қолға алынды.

Мәдени іс-шарамызға Ойыл қазақ орта мектебінің оқушылары мен саябақта  жүрген демалушылар қатынасты.

Көрмемізде жастар арасында жиі оқылатын әрі сұранысқа ие қазақ тілінде жарық көрген мотивациялық, психологиялық, көркем әдебиет пен аударма бағытындағы кітаптар, ертегілер насихатталды.

Саябақ демалушылары мен оқушыларға керемет көңіл күй сыйлау үшін Ойыл аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырған көңілді сергіту уақытымен іс-шарамыз жалғасын тапты.

Аталған іс-шара саябақта демалушыларға, зейнеткер ата-әжелерімізге ақпарат ұсынып, оқуға тартып, уақыттарын тиімді өткізуге, сонымен қатар кітапханаға  тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасады.

Шара соңында кітапханашылар кітаптың және кітап оқудың маңыздылығы, өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттырып, отандық және әлем әдебиеттерін оқуға шақырды.

Кітап – адамның сенімді досы, өмірлік ұстазы.

Ұлттық кітап күнінде жүздескенше оқырман!