2025 жылдың 15 мамыр күні Ойыл аудандық орталық кітапханасы және Ақжар ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқуға қолдау көрсетудің нәтижелері: жобалар мен практикалар ауқымы» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты – кітапхана мен оқырман арасындағы байланыс сапасын арттыру, оқуға қызығушылықты дамытатын тиімді жобалар мен әдіс-тәсілдерді ортаға салып, тәжірибе алмасу.Семинар барысында кітапханашылар мен сала мамандары бірқатар өзекті тақырыптарда баяндама оқып, кітап оқуды насихаттаудағы жаңашыл тәсілдермен таныстырды. Атап айтқанда:
– «Кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы кітапханашының рөлі»,
– «Оқырман тартудың заманауи әдістері»,
– «Балалар мен жастар арасындағы оқырман белсенділігін арттыру жолдары» сынды бағыттар қамтылды.
Сонымен қатар, оқырманмен кері байланыс орнатуға арналған түрлі интерактивті жобалар мен кітап оқу флешмобтары мысалға алынды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық тапсырмалар орындап, сұрақ-жауап алаңында пікір алмасты.
Семинар соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, үздік идеялар мен ұсыныстар болашақ жұмыс жоспарларына енгізілетіндігі айтылды. Семинар-тренинг соңында Ойыл аудандық ОКЖ-нің директоры Саға мектеп балабақша ұжымы мен тәрбиешілеріне және Ақжар ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Қазиева Назгүлге өз алғысын білдірді.
ScreenReader

