Ойыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 21 сәуір күні “КІТАП. ТАРИХ.ШЕЖІРЕ!” атты оқырмандарды кітапхана тынысымен таныстыру мақсатында кітапханаға саяхат жасалды.

Шараға Ж.Жүсібалиев ат.ҚОМ-нің 8 сынып оқушылары мен Ойыл қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.

Кітапханашы Қалыбекқызы Балнұр кітапхана жұмысымен, 23- сәуір “Ұлттық кітап күніне” орай әзірленген кітап көрмесімен, “Бір ел — бір кітап 2025” акциясына арналған кітап көрмесімен және жаңа кітаптармен таныстыра келе “Бір мақал-бір бауырсақ” рубрикасын жүргізді.

Әрі қарай жасөспірімдер әдіскері Мырзабек Айгүлім оқырмандарды оқу залымен таныстырып, “Түрлі сұрақ — тәтті алма” ойынын ойнатты.

Абономент бөлімінің кітапханашысы Маратқызы Назерке кітапхана қорымен таныстырып, “Жұмбақ шеш те, сыйлыққа тәтті ал” ойынын ойнатты.

Шара соңында оқырмандар кітапханашыларға өз рахметтерін айтып, көңілді тарасты.