Мұхит әнінің мұрагері

Қазақстанның мәдениет саласында ерекше орны бар, халқымыздың өнерін дамытуға өлшеусіз үлесін қосқан мәдениет қайраткері, режиссёр, Халық театрының мүшесі, көп жылдық тәжірибесі бар өнер жанашыры — Жұманов Амангелді Рамазанұлының 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылған “Өнермен өрілген өмір” атты шығармашылық кеші барысында Ойыл аудандық орталық кітапханасы “Мұхит әнінің мұрагері” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Амангелді Жұманов туралы басылым беттерінен түрлі мақалалар мен сұхбаттар, өмірбаяны мен суреттері қойылды.