24 қазан Кітапханашылар күніне орай «Кітапханашы — руханияттың шамшырағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні кітапхана ұжымы өздерінің кәсіби мерекесін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Сондай-ақ, мерекелік шара “Кел, сырласайық!” атты қыз-келіншектерге арналған жоба аясында жалғасын тапты.
Шараның мақсаты – кітапханашылардың қоғамдағы маңызын дәріптеу, олардың еңбегіне құрмет көрсету, жас мамандарды рухтандыру және кітапхана ісінің беделін арттыру.
Іс-шараға көп жылдар бойы халыққа қалтқысыз қызмет еткен ардагер кітапханашылар арнайы қонақ ретінде шақырылды. Қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, жас әріптестеріне жылы тілектерін арнап, сыр бөлісті.
Мерекелік кеш барысында өлеңдер оқылып, әндер шырқалып, үздік кітапханашылар марапатталды. Шара соңы жылы лебіздер мен естелік суреттерге ұласты.
ScreenReader

