Ойыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, ғалым Медеу Сәрсекеевтің туғанына 90 жыл толуына орай Ш. Бекмухамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 9 “В” сынып оқушыларымен әдеби-танымдық шара өткізілді.

Шара барысында қатысушылар қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолымен танысып, оның тарихи-деректі еңбектеріне шолу жасады.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, танымдық ойындар ұйымдастырылды.

Ойын барысында қатысушылар жасырын тапсырмаларға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды.

Медеу Сәрсекеев – ұлт тарихын көркем сөзбен сөйлеткен, ғылым мен әдебиетті ұштастырған дара тұлға.

Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына серпін береді.