Отбасы күні

2025 жылғы 15 қыркүйек – Халықаралық отбасы күніне орай Ойыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасындағы махаббат – ғаламның негізі» атты жас отбасылармен танымдық кездесу кеші өтті.

Шараның мақсаты – жас отбасылар арасында ұлттық құндылықтарды, отбасы дәстүрін, сыйластық пен бірлікті насихаттау.

Кешке жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар, оқырмандар, жастар ұйымының өкілдері қатысты. Кеш барысында қатысушылар отбасы бақытының негізі – өзара түсіністік, махаббат пен жауапкершілік екенін айта келе, тәжірибелерімен бөлісті.

Отбасылық берекеге негіз болатын ұстанымдар сөз болды. Қызықты сұрақ-жауап, тренинг ойындары, естелік фотосуреттер, кешке ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында жас отбасыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, қатысушылар игі тілек, жылы лебіздерін білдірді.