2025 жылғы 28 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Ойыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен құқық қорғау саласында қызмет ететін арулармен «Әділеттің ақ туын көтеріп» атты тақырыпта кездесу кеші өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамның тыныштығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың еңбегін дәріптеу, олардың кәсіби жолы мен өмірлік тәжірибесін жастарға үлгі ету.
ScreenReader

