«Табыл тағылымы»

Қазақ сатирасының сардары, қаламы ұшқыр сатирик – жазушы Табыл Құлиястың шығармашылығына арналған «Табыл тағылымы» атты аудандық байқау өткізілді.

Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды.

Қатысушылар жазушының өткір тілі мен терең ойға құрылған көркемсөздерін оқып, сатираның сырын ұғындырды.

Табыл Құлияс – әзіл мен шындықты шебер жеткізген қаламгер. Оның мұрасы – ұрпаққа ой салар рухани қазына.