Ойыл аудандық орталық кітапхана

Ойыл өңірі қазақ тарихында өзіндік орны бар аты аңызға толы тарихи мекен. Туған өлкесінің тарихына үңілгісі келген кез-келген адам осы ауылдың мәдени ошағы рухани қазынаға мол аудандық кітапханаға асығары анық.
Ойыл аудандық орталық кітапханасы өзінің тарихын Қызыл Отау болып 1927 жылдан бастайды.
1929 жылы аудан жаңадан құрылғанда аталған Қызыл Отау сол кездегі Джерзинский аудандық кеңесінің жеке үйлерін сұрап алып қызыл бұрыштарға жиналған жүзге жуық кітаптың қоры негізінде алғашқы кітапхананының негізі қаланды.
1934 жылдарға дейін Ойыл кітапханасын бірнеше адамдар жасаған 1933 жылдың аяғынан бастап көбіне Педтехникум бітіріп келген Пазылбек Қалдыбаев деген азамат 1933-1936, 1953-1965 жылдары басқарып жұмыс жасаған. Соғыс жылдары кітапханада Ақша деген апай жасайды, одан кейін Елеуов Қайыр, Құлмағанбетов Қайырғали деген адамдар қызмет атқарған.
1934 жылы 27 наурызда Бүкіл одақтық орталық атқару комитетінің селолық кітапханалардың санын көбейту туралы қайлысы шығып, осыған орай аудандық кітапхана болып жұмысы жандана түседі.
1936 жылы 31 наурызда РСФСР халық ағарту комиссариаты –саяси ағарту жұмыстары жөніндегі комететінің орынбасары Н.К. Крупскаяның қолы қойылған 27 селолық кітапханалар ішінде Ойыл аудандық кітапханасыда наградталады, заттай сыйлық алады.
Сол жылдары аудандық кітапханаға Одақтық ірі қалалары Москва, Ленинград, Киев, Саратов бибколлекторларынан әр ғылым саласын қамтитын кітаптар келе бастайды.
1960 жылы Қазақстан кітапхана қызметкерлерінің І-съезі болады, онда Қазақстан Республикасының құрылғанына 40- жылдығына орай жүргізілген. Мәдени-ағарту мекемелерінің байқауындағы шарттардың орындалуына байланысты Қазақстан кәсіподақтар призидиумамен Мәдениет Министрлігінің Дипломымен Ойыл кітапханасына наградталады. 1980 жылы кітапханалардың орталықтандырылған жүйеге көшуіне байланысты кітапхана жұмысы жаңаша жұмыс формасына көшірілді, бұл кезде кітапханалар саны 23-тен 1997 жылға дейін 26ға жетті.
Кітапхана – мемлекет саясатын іске асырушы бірден-бір нұсқаушы күш болғаны тарихтан мәлім. Сол жылдары кеңестік партияның алдына қойған мақсатын орындауда, кітапханашылар белсене араласып, үгітшілік қызметтің басында жүргені белгілі жәйт. Сол жылдары еселі еңбегімен халқыққа қалтқысыз еңбек еткен А. Ноғашева, С. Какиева, К. Нұршина, С. Есенаманова, З. Түгелова, С. Молдашева, А. Индиева, Г. Жәйбергенова, З. Айтназарова, С. Саржанова, Ж. Жұмағалиева, К. Қалжанова есімдері құрметпен аталады.
Қазақстан Республикасының кітапхана тарихындағы екінші рет болып өткен 1998 жылғы ІІ съезінде Ойыл кітапханасының жұмысы атаусыз қалған жоқ. Ойыл аудандық орталық кітапханасының директоры Белсекер Тумышева осы съезге делегат болып қатысып, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталады.
2008 жылы аудандық орталық кітапхана қазіргі заманға сай жаңа жиһаздармен жабдықталған ғимаратқа көшіп, электронды каталог жүйесіне көшіріліп, РАБИС бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды.
2008 жылы Астана қаласында өткен «Жас кітапханашылардың І съезіне» кітапхана библиографы Гүлжазира Дауленова делегат болып қатынасып, Мәдениет министрінің алғыс хатына ие болды.
2009 жылы Республикалық «Жас кітапханашылардың инновациялық жұмысы» атты жаңа жобаға кітапхана әдіскері Гүлайым Қаплиева «Патриотизм шыңы-Шығанақ» атты жоба бойынша жүлделі орын иеленді.
2008 жылдан бастап Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне Шымкент мәдениет институтын бітірген Ақмарал Наурызова Бақытқызы басқарып келеді.
2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ойыл аудандық ОКЖ-нің директоры Наурызова Ақмарал Бақытқызы ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісін иеленді.
2018 жылы 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлер күні орай Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің облыстық «Рухани қазына» фестивалінде Ойыл аудандық орталық кітапхана «Кітап әлеміндегі ұтымды ойлар» атты номинациясымен марапатталып, 50000 теңге сертификатына ие болды.
2019 жылы Ақтөбе обылысында өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ облыстық «Рухани қазына» фестивалі «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік кітапхана» номинациясы бойынша 1 орынды жеңіп алды. 100000 теңге сертификатына ие болды.
Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» ІІ облыстық фестивалінде Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аға библиографы Дауленова Гүлжазира Кеңесқызы «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік кітапхана қызметкері» номинациясымен қоса 50 мың теңге сертификатпен марапатталды.
2019 жылы Нұрсұлтан қаласында өткен Мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына — 2019» фестиваліне белсенді қатысқаны үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, профессор Ү.Д. Мұңалбаеваның Алғыс хатымен кітапхананың аға библиографы Дауленова Гүлжазира Кеңесқызы марапатталды.
2019 жылы ҚР Кәсіподақтар Федерациясы «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен А.Наурызова марапатталды.
2019 жылы Балалар кітапханасының аға кітапханашысы Қаплиева Гүлайым Аманжолқызы кітапхана саласында атқарған көп жылғы еңбегі үшін ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2020 жылы Ойыл аудандық орталық кітапханасының аға кітапханашысы Сағатова Гүлнара Өтегенқызы кітапхана саласында атқарған көп жылғы еңбегі үшін ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2021 жылы Республикалық Білім беруді дамыту және мәдениет «Өрлеу» Қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен авторлық жобам «Тұлғалар мекені» бойынша «Өлкенің тарихи тұлғалары» номинациясымен 1 орын.
2021 жылы «Қызықты библиография» атты облыстық үздік библиографиялық құрал байқауына ақ тарының атасы атанған жерлесіміз Шығанақ Берсиевке арналған «Рекорд шыңының жұлдызы» атты әдістемелік құрал бойынша 2 орынға библиограф Г. Дауленова ие болды.
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Тұлғалар мекені» жобасымен 2022 жылы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің Облыстық «Рухани қазына» фестиваліне ұсынып, нәтижесінде «Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері» атанып, Дипломмен марапатталды.
Түркістан қаласында өткен республикалық «Рухани қазына-2022» байқауына жолдама алып, «Рухани қазына-2022» конкурсына белсене қатысқаны үшін Г. Дауленова Мәдениет және ақпарат министірінің Алғыс хатымен марапатталды.
2024 жылы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің Облыстық «Рухани қазына» фестиваліне «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Көптоғай модельді ауылдық кітапханасы иеленді.
ScreenReader

